Kyzylorda-news.kz "Қайрат" футбол клубы 2026 жылғы маусымға арналған жаңа форманың дизайнын ұсынды. Өзгерістер клубтың дәстүрлі қара-сары жолақтары бар негізгі формасына да, қонақтағы ойындарға арналған форма мен қақпашы формасына да енгізілді, – деп хабарлайды Stan.kz.
Негізгі форманың жағасы айтарлықтай өзгертілген, сондай-ақ жең манжеттері де жаңартылды. Қонақтық формада басты ерекшелік – манжеттер мен жағасына қара-сары түстердегі қазақтың дәстүрлі ою-өрнегінің қосылуы болды. Қақпашылар формасы толығымен өзгертілді: әрі өрнегі, әрі түс гаммасы жаңартылған. Сонымен қатар формада бірнеше жаңа демеуші пайда болды, бірақ негізгі демеуші бұрынғыдай – 1XBET.
Фото: Қайрат ФК
