Kyzylorda-news.kz. Теміржол саласы аса жауапкершілік пен ықтиярлықты талап ететін күрделі кәсіптің бірі.

Жолаушылардың қауіпсіздігін алдыңғы орынға қойған сала қызметкерінің арасында нәзік жандылар да бар. Сондай нәзік аруымыздың бірі- Қызылорда Теміржол вокзалының қызметкері Камила Кенжебекова. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Камила Қозыбайқызы өз жұмысы туралы баяндады. 

«Салада қызмет етіп келе жатқаныма 6 жылдан асты. Теміржол вокзалына жолаушылар кіргеннен бастап поездға отырғанға дейін қызмет көрсетіп, діттеген жеріне аман жетуіне септігімді тигізуге тырысамын. Өз жұмысыммен қатар хабарлаушы міндетін де атқарамын. Яғни поездың қай жолға келіп тоқтағанын, қай уақытта жүретінін хабардар етемін. Сондай-ақ халықтың, жолаушылардың сенімін ақтап, жақсы қызметтер көрсетуге жұмыс істеу. Тек сөз жүзінде емес, тәжірибе алмасу, қызмет барысында қазір де, болашақта да еңбегімнің шынайы екенін дәлелдеуден шаршамаймын. Біздің мақсат – халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, - деді Камила  Қозыбайқызы. 

Осындай қызметті абыроймен атқарып, елге қызмет көрсетіп жүрген мамандардың еңбегі ерен. Халық алдында жасап келе жатқан игі істері еселене берсін.

Тағы да оқыңыз: