Қармақшы ауданының өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 2026 жылдың 01 тамыз айында 5889,0 млн теңге өнім өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 142,4 пайыз болса, өңдеу өнеркәсібі бойынша 4874,0 млн теңгеге өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 149,0 пайыз болды. Ал бөлшек сауда көлемі 6971,0 млн теңгемен 100,8 пайызды құрап отыр. 

Ауыл шаруашылығымен қатар, ауданның экономикалық дамуына тікелей әсер ететін шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы да басты назарда. 2026 жылдың 1-ші тамызына тіркелген кәсіпкерлік субъектілердің саны 2 845 бірлік болса, оның ішінде, белсенді жұмыс жасайтыны 2 709 бірлікті құрайды (үлесі 95,2 пайыз).

2026 жылдың 1 сәуіріне шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 4412 адамды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 84,5 пайызға орындалды.

2026 жылғы қаңтар-наурыз аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 9 537,0 млн теңгені құрап, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызға орындалған.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі қаржылай қолдаулар 2026 жылдың басынан бері ауданда жалпы саны 59 жобаға 1565,1 млн теңге несие берілді.

  • Оның ішінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы акционерлік қоғамынан 42 жоба 348,3 млн теңгеге несиелендірілді;
  • «Қызылорда Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС МҚҰ арқылы «Іскер» бағдарламасы шеңберінде 10 жобаға 108,0 млн теңге берілді;
  • «Агрокредит» аграрлық несие корпорациясы арқылы «Кең дала 2» бағдарламасымен 5 жоба 1074,8 млн теңгеге несиелендірілді;
  • «Қорқыт елі» несие серіктестігі арқылы 2 жоба 34,0 млн теңгеге несиелендірілді.

Сурет: gov.kz

Тағы да оқыңыз: