Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің тапсырмасымен Жалағаш ауданы «Руханият орталығында» кәсіпкерлікті қолдау бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жиынға Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғалымжан Рахатов, облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Дәулетбек Абдирасилов, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы Мая Әденова, сондай-ақ, Мансап орталығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жиынды Ғалымжан Рахатов ашып, кәсіпкерлерді қолдаудың маңыздылығына тоқталды. Кездесуге ауданның барлық ауылдық округінен 100-ден астам кәсіпкер қатысып, бизнесті дамыту, қаржыландыру және мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша ақпарат алды.

Іс-шара барысында мемлекеттік бағдарламалар, жеңілдетілген несие, қаржыландыру мүмкіндіктері, ауыл шаруашылығы саласындағы қолдау шаралары және кәсіпкерлік жобаларды сүйемелдеу бағыттары түсіндірілді.

Кездесу соңында кәсіпкерлер сала мамандарына сұрақтарын қойып, жеке кеңес алды.

Мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру 2.jpg

Тағы да оқыңыз: