Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық неміс этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ирина Шек ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты пікір білдірді. 

«Кешегі саяси науқан еліміздегі тұрақтылықты сақтап қалу үшін және бейбітшілік пен бақытты болашақ үшін жасалған маңызды шешім болды. Себебі бұл шешім - біздің еліміздің қуатын арттырудағы, бірлігін нығайта түсудегі тағы бір тарихи мүмкіндік деп білемін. Аналар міндеті болса, жастарға осы күрделі әлемде өздерінің лайықты орнын анықтау, мүмкіндігінше өзін-өзі тануға көмектесу. Осы орайда мен ана, әже ретінде жауапты сәтте балаларыма бірауыздан үлес қосып, өзінің азаматтық ұстанымын көрсете отырып, сайлауда  дауыс беруде белсенді болуға шақырдым», - дейді Ирина Шек. 

Пікір білдіруші өзінің бұл саяси науқанда дұрыс шешім қабылдағанын айтты.

«Бұл жолғы сайлау еліміздегі ортақ мақсаттың, татулықтың, ауызбіршіліктің, болашаққа деген толық сенімнің көрінісі болды. «Ырыс алды – ынтымақ» демекші, жасампаз елдің жаңа тарихын бастауда ынтымағымызды көрсетіп, дұрыс шешім қабылдадым деп сенемін», - дейді Ирина Шек. 

Бірлестік жетекшісі «халқымыздың бірлігі – болашағымыздың кепілі» деп ойын түйді.

сайлау.jpeg

Тағы да оқыңыз: