Kyzylorda-news.kz Қазақстандықтар инфекциялық ауруханалардағы орын тапшылығына шағымданып жатыр. Әлеуметтік желілерде Астана тұрғындары стационарлардың толып тұрғанын және науқастар санының, әсіресе балалар арасында, өскенін хабарлады.

Бір қала тұрғыны 40 градус температурамен баласын жатқызуды бірнеше сағат күткенін айтты. Оның сөзінше, түнде инфекциялық бөлімде бос палаталар болмаған, бірақ кейін орын табылған.

Осы мәселеге қатысты ztb_kazakhstan редакциясы министрлікке сауал жолдады. Денсаулық сақтау министрлігі ОРВИ мен тұмаудың маусымдық өсуі байқалатынын, алайда алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

«23–29 қазан аралығында республикада 106 930 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен 2024–2025 жылдардағы эпидемиялық маусымның сол аптасымен салыстырғанда 1,5% төмендеу көрсетеді. Қазіргі жылдың 1 қыркүйегінен 29 қазанына дейін 1 128 140 ЖРВИ жағдайы тіркелген. Өткен маусыммен салыстырғанда, бұл көрсеткіш 1,2 есе азайған. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 45 жағдай лабораториялық түрде расталған А типті тұмау (H3N2) тіркелді. Республикада тұмауға қарсы 1 689 178 адам егілді, вакцинация жалғасуда.», - делінген хабарламада.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: