Kyzylorda-news.kz. Халқымыздың барлық ұлттық құндылығы сияқты қазақтың қолөнер бұйымдары да – ұрпаққа мұра және мақтаныш. Адам қиялының шексіздігін қолының ісмерлігі арқылы көркем өнерге айналдырып, тұрмыстық қажеттілікке тұтынатын мүлік әзірлеу – бабадан жалғасқан асыл өнер. Осындай өнерді кәсіппен ұштастырып отқан Индира Рзақұлдың тігіншілік саласына келгеніне алты жылдан асқан.

Қазіргі таңда кәсіпкер Қызылорда қаласында «Indira Rzakul» деген құрақ құрау студиясын ашып, кәсібінен несібесін тауып отыр.

Сұраныс артқан сайын, өнімнің сапасын да жақсарта түсуді көздеген Индира студияны заманауи тігін машиналарымен, өзге де қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткен. Кең, әрі жарық бөлме түрлі тамаша дүниені тудыруға ыңғайлы. Кәсіпкер бұл жетістікке мемлекет қолдауының арқасында жеткенін айтады.

«Тігіншілік – қол мен қиялдың еңбегі. Негізінен тігіншілік, қолөнермен айналысу бүгінгі заманның ең табысты бизнесі деуге болады. Бастысы ісіңе деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік болса жеткілікті», – дейді кәсіпкер.

«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасымен қаржы алған өндіріс орны көрпе-төсектер, қыз жасауын тігіп, құрақ көрпе кестелеумен айналысады. Тігін цехының алға қойған мақсатының ауқымы үлкен.

Бүгінде тігіннің тілін түсінетін екі маманның жұмыстары көптің көңілінен шығып жүр. Қолмен жасалған бұйымдар, кереме тігілген көрпешелер адамды сүйсіндірмей қоймайды. Одан бөлек, заманауи үлгідегі төсек-жабдық, қыз жасауына қажетті бұйымдар да бар. Тұтынушының талабына байланысты көрпенің ішіне мақта, түйе, қой жүндерін салады. Сыртын қаптайтын материалды жергілікті сатушылардан алып, тек қана ұлттық нақыштағы емес, күнделікті тұтынуға арналған көрпе-жастықтарға да сұраныс жоғары.

Кәсіпкер Индира Рзақұл болашақта кәсібінің көкжиегін кеңейтіп, өнім түрлерін аттыруды да жоспарлап отыр екен.

315097821_1306516086776252_8300195636100147098_n.jpg315218133_1306516293442898_7921124636874224981_n.jpg315053323_1306516370109557_2850324093064871102_n.jpg

Тағы да оқыңыз: