Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сырбойылықтарды мерекемен құттықтады.
Қымбатты жерлестер!
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ынтымақты ырысына балаған елімізде бұл мерекенің өз орны бар.
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1995 жылдың 18 қазанында 1 мамырды Қазақстан халқының бірлігі күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойып, 1996 жылдан бастап бірлік мерекесі ретінде аталып келеді.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында мүлдем жаңаша мән-маңызға ие болып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының белгісіне айналды. Бүгінгі күні қазақ халқының кең пейілі мен дархан көңілі, жомарт жүрегінің арқасында елімізде қаншама этнос өкілі бір ананың баласындай, бір өзеннің сағасындай өмір сүруде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған «әралуандығымыз – бірлікте» қағидаты Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдырды. Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр».
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың бірлігі мен достығы, өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі этносаралық татулық әрдайым берік болып, ауызбіршілігіміз арта берсін!
Баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, еңбектеріңізге толайым табыс, отбастарыңызға құт-береке, амандық тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры нық, ғұмыры мәңгі болсын!