Гүлшара Әбдіқалықова атом саласы қызметкерлерімен кездесті – Kyzylorda News
Басты бет

Гүлшара Әбдіқалықова атом саласы қызметкерлерімен кездесті

28.09.2021, 16:20

335 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Атом саласы қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне орай сала мамандарымен кездесіп, үздіктерді марапаттады.

«Қазақстанның атом саласы экономиканың негізгі, стратегиялық маңызды және табысты салаларының бірі болып саналады және әлемде алдыңғы қатарда. Бұл, ең алдымен, жоғары білікті жұмысшылардың еңбегі. Өңірімізде 4 уран өндіретін компания және 1 күкірт-қышқыл шығаратын зауыт жұмыс жасауда. Оларда 2 500 аса адам қызмет атқарады. Қарапайым халықтың игілігіне несібе болған уранды игерген атомшылар күнімен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Кездесуде «Байкен-U» серіктестіктің Көліктік және шаруашылық қамтамасыз ету қызметінің бастығы Болат Нетбаев, «Қызылқұм» серіктестіктің 5 дәрежелі қазандық операторы Ибрагим Маликов, «РУ-6» серіктестіктің Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Олжас Жұмабай, «Семизбай-U» серіктестігінің «Ирколь» филиалы Әкімгершілік шаруашылық қызметі басшысы Мейрамхан Охапов және «СКЗ-U» серіктестіктің Күкірт қышқыл зауыты сынақ зертханасының бастығы Олжас Орынбасаров «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

Кездесу соңында сала ардагері Мұхит Искаков аймақ басшысына көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Еске салайық, 2008 жылы 28 қыркүйекте Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесі болып бекітілді.
Қазақстан уран өндіру көлемі бойынша әлемдік көшбасшы болса, өндірілген уранның барлық көлемінің 20%-дан астамы біздің өңірдің үлесінде.

Табиғи уранды өңдейтін жалғыз кәсіпорын – «Байкен-Ю» серіктестігі. Ал, «СКЗ-Ю» компаниясының зауыты жыл сайын 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіруде.

0

Пікір қалдыру