Kyzylorda-news.kz. Ғарышқа алғаш рет төрт турист аттанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
SpaceX-тің мәлімдеуінше, Axiom Mission 3 (Ax-3) миссиясы аясында Crew Dragon кемесімен халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ғарыш туристері ұшырылды.
Аталған операция 18 қаңтарда шығыс уақытымен 16:49-да (Астана уақытымен 19 қаңтардағы 03:49) болды. NASA-ның Кеннеди атындағы ғарыш орталығындағы ұшыру кешенінен Falcon 9 зымыран тасығышы арқылы Crew Dragon әуеге көтерілді.
Орбита зертханасында экипаж адам физиологиясы мен өнеркәсіптегі технологиялық жетістіктерге арналған 30-дан астам ғылыми эксперимент жүргізеді, - делінген SpaceX сайтында.
Ax-3 экипажының құрамында 4 адам бар:
- NASA-ның бұрынғы ғарышкері Майкл Лопес-Алегрия (кеме командирі);
- Италия әскери әуе күштерінің полковнигі Вальтер Вилладей;
- Швеция азаматы Маркус Вандт;
- Түркия әскери әуе күштерінің ұшқышы Альпер Гезеравджы.