Ғалымдар: Синтетикалық жастық демікпе ауруын тудыруы мүмкін – Kyzylorda News
Басты бет

Ғалымдар: Синтетикалық жастық демікпе ауруын тудыруы мүмкін

29.01.2022, 13:00

507 0

Kyzylorda-news.kz. Манчестер университетінің зерттеулері төсек-орындарда жиі кездесетін споралардың түрлері ауру тудыруы мүмкін екенін көрсетті. Осындай споралардың бірі – Aspergillus fumigatus.

Бұл зең спорасы денсаулыққа қатысты әртүрлі проблемаларға әкелуі мүмкін. Зерттеу лейкемиямен ауыратын науқастарда және жілік майы трансплантациялаған пациенттерде өлімнің жетекші инфекциялық себебі болды деп хабарлайды.

Зерттеу тобы төсек-орын жабдықтарда споралардың бар-жоғын зерттеп, қауырсынды да, синтетикалық жастықтарды да мұқият қараған.

Олар қолданылған жастықтан зеңнің бірнеше мың спорасын анықтады. Осылайша, бір жастық миллионнан астам спораны сақтай алады. Зерттеуде жастықтың 16 түрі болған, алайда синтетикалық жастық ең нашары болып табылды.

Сондай-ақ бұл аллергиялық синуситке де әкелуі мүмкін. Демікпеге келетін болсақ, зерттеушілер зең ересектерде бұл жағдайды нашарлатуы мүмкін деп бөлісті. Жастықтардан басқа, Aspergillus fumigatus ауада, жертөлелерде, тұрмыстық құмыраларда, компьютерлерде және дәмдеуіштерде де кездеседі. Зерттеушілер иммунитеті төмен адамдар зеңнің бұл түрін жұқтыру қаупі жоғары деген қорытындыға келді.

Сондықтан мамандар егер жастығыңыз синтетикалық болса, оны гипоаллергенді жастыққа ауыстыруға кеңес береді.

Хабар 24