Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласында өтіп жатқан «Елдесу және татуласу» жобасы аясындағы этномедиация бағыты бойынша оқыту семинары жалғасын тапты.
Семинардың екінші бөлмінде қатысушылар қақтығысты жағдайда келіссөздер жүргізудің тиімді әдістерін үйреніп, нақты кейстерді талдау арқылы тәжірибелерін бекітті. Гарвард келіссөз әдісі мен «Декарт координаттары» тәсілі негізінде келіссөз стратегияларын қалыптастыру жолдарын қарастырды.
Сонымен қатар, этномедиация процедурасы, оның кезеңдері, жеке кездесулер тәртібі және медиация жүргізудің нақты ережелері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар арнайы тестілеуден өтіп, этномедиация жүргізуге қажетті дағдыларын шыңдады.
Семинарды халықаралық деңгейдегі медиатор-тренер, Түркі әлемі медиаторлар қауымдастығының Вице-президенті Жанділдә Жакупов жүргізді.
Жиын соңында қатысушыларға бірқатар тапсырмалар беріліп, дайындық жұмыстарын жүргізді.