Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен жастар арасында есірткіге  қарсы  үгіт  бригадалар байқауын ұйымдастырды.

Сайыстың  мақсаты – жастар,  балалар мен жасөспірімдерді есірткіге қарсы салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруға және де денсаулықты дұрыс сақтауға баулу.

Сайыстың бірінші кезеңінде жергілікті білім бөлімінің қызметкерлері өзара бақ сынады. Ал екінші кезеңде үздік деп танылған 20 команда есірткі  мәселесіне  қатысты  ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, ән, би және миниатюралар бағытындағы  қойылымдарында  көрсетті.

Сайыс нәтижесі бойынша Шиелі ауданындағы №49 орта мектебі, Арал ауданындағы №292 орта мектебі және Сырдария ауданындағы №137 орта мектебі үздіктер қатарынан көрінді. Сайыс соңында үздік деп танылған командалар марапатталды.

Тағы да оқыңыз: