Kyzylorda-news.kz. Кентау қаласында есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті дәстүрлі емес деструктивті діни ағымды ұстанушыларына қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізді.
Прокуратура хабарлауынша, А. және Д. есімді азаматтар заңсыз қару сақтаумен, есірткі құралдарын таратумен айналысқан.
Тексеру кезінде есірткі зертханасы жағдайында ацетилдендірілген опий жасанды есірткі заттарын тарату және дайындау фактісі тіркелді.
Есірткі зертханасы Кентау қаласында орналасқан. Зертхананы тінту кезінде таратуға дайындалған 10 мл-ден 2 флакон опий, марихуана және опий дайындауға арналған химиялық заттар, арнайы жабдықтар, сондай-ақ атыс қаруы табылды.
Діни әдебиет тәркіленіп, тиісті сот сараптамасы тағайындалды.
Бұл факт СДТБ-не Қылмыстық кодекстің 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігімен тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сот санкциясымен үсталғандар қамауға алынды.