Kyzylorda-news.kz Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының Қызылорда облыстық филиалында ашық есік күні өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жол саласының мамандары орталық зертханасымен танысып, жұмыс барысын көрді.

Бүгінде мұнда мыңнан аса жол құрылыс материалдарының сапасын анықтайтын заманауи қондырғылар мен құрал-жабдықтар бар. Жыл сайын зертханада 2 мыңға жуық сынама жүргізіліп, аймақ жолдарының сапасы зерделенеді. Республикалық семинар аясында орталықтың базасын аралап, мүмкіндігін бағамдаған жолшылар өзара тәжірибе алмасып, білген-түйгенімен бөлісті.

«Бүгінгі ашық есік күніне орай «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен «ҚАЖсервис» ЖШС әр облыстағы өкілдері зертханамыздың жұмысымен танысты. Республикалық маңыздағы автожолдарды күтіп ұстаумен айланысатын мамандар біздің орталықпен тығыз байланыста. Міне, осы бағытта әріптестік-ынтымақтастықты нығайтып, жолдардың сапасын жақсартуда бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз. Сондықтан, бүгінгі шараның маңызы зор», – дейді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМКҚОФ директоры Ерболат Көштаев.

Тағы да оқыңыз: