Kyzylorda-news.kz Дағыстан мүфтияты никаб киюге уақытша тыйым салды, - деп хабарлайды Kyzylorda news.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Дағыстан мүфтияты пәтуа бөлімінің қорытындысы негізінде (фәтуа - исламдағы кез келген мәселеге қатысты мүфти қабылдайтын шешім) уақытша негізде никабтарды (көздің тар саңылауынан басқа бетті толығымен жабатын мұсылман баскиімі - еск.) киюге тыйым салынғанын жариялады. Бұл туралы Telegram-арнада Республика мүфтиінің орынбасары Абдулла Сәлімов мәлімдеді.
"Мүфти қауіптер жойылмайынша және жаңа теологиялық қорытындыға келгенше никаб киюге уақытша тыйым салу туралы хабарлайды", - деді ол.
"Кавказ ТЖ" Telegram-арнасының мәліметінше, Дағыстан аумағындағы лаңкестік шабуылға қатысушылардың бірінің қолында никаб болған еді. Материалдың авторлары болжамынша, лаңкес оны қылмыс орнынан қашу үшін пайдаланбақ болған.
Фото: Мария Новоселова