Жалағаш ауданының әкімі Ерлан Төрәлиев аудандық емхананың жұмысымен танысып, ғимараттың жылу беру жүйесін аралап көрді. Медициналық мекеменің қысқы маусымға дайындығын тексеріп, жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне назар аударды.
Аудан әкімі денсаулық сақтау нысандарының қалыпты жұмыс істеуі, әсіресе қыс мезгілінде емделушілер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалуы маңызды екенін атап өтті.
Емхананың жұмысымен танысқан аудан басшысы ем алушыларға қолайлы жағдай жасауды, медициналық қызметтің сапасын арттыруды және жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жауапты мамандарға тапсырды.

