Kyzylorda-news.kz.  Елорда тұрғыны қызының өмірін сақтап қалған Сәбит Шонтақбаевқа алғысын білдірді. Бұл туралы кейіпкердің өзі айтты.

Сәбит Шонтақбаевтың айтуынша, оқиғадан кейін қыздың анасы телефон соғып, алғысын білдірген. Оған қоса батырдың ісіне тәнті болған көпшілік те өз алғыстарын жаудыруда. Әлеуметтік желіде баланы құтқару сәті тарағаннан бастап қызылордалық Сәбит Шонтақбаевтың телефонына тыным жоқ.

«Оқиғадан кейін маған қыздың анасы қоңырау шалып, рақметін айтты. Белгілі болғандай, оқиғадан кейін әйел ауырып қалған, оны жедел жәрдем алып кеткен. Ол маған ауруханадан қоңырау шалды. Бірақ мен онымен жеке кездескен жоқпын», – дейді Сәбит Шонтақбаев.

Almaty.tv

Тағы да оқыңыз: