Kyzylorda-news.kz 25-26 сәуір күні Астана қаласында ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп оқушылары мен студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогы өтеді. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері қатысады. Сондай-ақ бизнес және білім беру саласындағы көшбасшылар бас қосады. Жалпы көрмеге 200-ден астам команда қатысады деп жоспарлануда.


ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 - Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасының қатысушыларының жоба бойынша нәтижелерінің жыл сайынғы көрмесі. Іс-шараға демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы байқаулар кіреді.


Басты оқиға студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогының финалы болып табылады, оның нәтижелері бойынша жеңімпаз команда ENACTUS WORLD CUP 2024 әлем чемпионатында Қазақстанның намысын қорғау құқығын алады.
Ауқымды сайыстың ұйымдастырушысы – ENACTUS Kazakhstan қоры. Ресми демеушілер – Olzha Agro, KMF&KMF-Демеу, TURAN табиғи суы, Eurasian Resources Group, Raimbek Group, KT Cloud Lab, White&Case, Caravan Resources, Kazakhstan Mining, TSSP, KazAgroFeed, ABS Строй, Leader Еngineering group, NES Kazakhstan. Ресми серіктестер – "Kazakh Tourism" Ұлттық компаниясы" АҚ, "Атамекен" ҰКП, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Тағы да оқыңыз: