Kyzylorda-news.kz. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауында еліміздің әлеуметтік-аумақтық құрылымын жетілдіру мәселесіне ерекше назар аудартты. Сондықтан бұл мәселе өте маңызды, әрі өзекті. Осы орайда былтыр тарихи реформа орын алып, елімізде жаңа үш облыс пайда болған болатын. Бұл дегеніміз - аймақтардың әлеуметтік жағдайын қалыпқа келтіру, экономикасын нығайту, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту.

Бұл мәселе бойынша ҚР Парламенті Сенатында біршама жұмыстар атқарылуда. Сенатта «Өңір» тобы бар, онда бірқатар сенаторлар өңірлер бойынша жұмыстар атқарып жатыр.

ҚР Парламенті Сенатына жиырма өңірден сайланған 40 және Президенттің Жарлығымен сайланған 10 депутат заңның шеңберінде еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге атсалысып, елдің ішіндегі жағдайды мәселе ретінде көтеріп, депутаттық сауал жолдап, өзекті деп танылған мәселелерді ҚР Парламентінің тыңдауына ұсынады. Дәл қазіргі уақытта Сенат аймақтардағы мәслихаттармен тығыз байланыс орнатып, жұмыс істеуде. Сенаттың басты бағыты өңірлердегі республикалық немесе жергілікті деңгейдегі мәселелерді шешу.

Біздің мақсатымыз - өңірлердегі тұрақтылықты сақтап, әлеуметтік-экономикалық жағдайды қамтамасыз ету, ауыл-аймақтардағы көрсеткіштерді жоғарыға жеткізу. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді.

Геннадий ШИПОВСКИХ,
ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Тағы да оқыңыз: