Kyzylorda-news.kz. Экономикалық зерттеу институтының 2022 жылғы қорытындысы бойынша 25 қала арасында өмір сапасының ұлттық рейтингі шықты. Рейтинг “экономика мен бизнес”, “адам ресурсы” және “инфраструктураны” қамтиды деп хабарлайды Stan.kz.
89 көрсеткіш талданды. Оның 53-і статистика бойынша сараланса, қалғаны халық арасындағы сауалнама нәтижесінде белгілі болды.
Жалақы бойынша жоғары көрсеткіштер елдің өнеркәсіптік моноқалаларында, елдің батыс өңірлерінің облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда байқалады.
Қымбаттылық индексі бойынша төменгі күнкөріс деңгейі тоғыз қалада байқалды: Жаңаөзен, Астана, Риддер, Степногорск, Алматы, Екібастұз, Балқаш, Өскемен және Атырау.
Түркістан, Ақтөбе, Орал, Петропавл, Тараз қалаларында өмір сүру арзанырақ болды. Мысалы, Түркістандағы күнкөріс деңгейі Жаңаөзенмен салыстырғанда 1,5 есе арзан.
Жалдамалы жұмыскерлер санына қатысты жұмыссыздықтың ең жоғары көрсеткіші Түркістан қаласында, ең төмен көрсеткіш Жаңаөзенде.