Kyzylorda-news.kz. Елде орын алып жатырған жағдай барлығымызды елең еткізді. Біз халықпен біргеміз, елдің басына түскен ауыртпалықты бірге еңсеруге дайынбыз. Қандай сәтте, қай кезде де қолдау білдіреміз. Жаңа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты үндеуін жариялады. Мұқият оқып, қарап шықтым. Онда көп нәрсе айтылды. Су тасқынына байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Осы тұста мемлекет басшысының "Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы", – ден нақтылап айтты. Біз барлығын бірге еңсереміз.
"Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі", - деді мемлекет басшысы үндеуде.
Біз қазіргі таңда Қызылорда облысынан Ақтөбеліктерге жиналған гуманитарлық көмек аман-есен жеттік. Біздің еріктілер бірнеше жүк көлігіне тиелген азық-түлікті түсіруде.
Болатбек Айтбенбетов,
облыстық волонтерлар фронт-офисінің жекешісі