Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесулері Бұқарбай батыр, Таң және Ақсу елді мекендерінде жалғасты.

Ауыл халқымен кездесулерде Жалағаш ауданы бойынша атқарылған жұмыстармен қатар, елді мекендердің әлеуметтік экономикалық дамуы бағытындағы республикалық және облыстық бюджеттен қолдау тапқан жобалар түсіндірілді.

Үстіміздегі жылы Бұқарбай батыр ауылының 11 көшесінің құрылысын күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда және елді мекендегі білім ошағы №33 орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Қарқынды бастамалар Таң ауылдық округінде де жалғасын тапқан. 2024 жылы Таң ауылына кіре берісте көше жарығы бар автомобиль жолы салынып, мәдениет Үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 2024 жылы Таң елді мекеніндегі 9 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, Таң ауылдық округтегі №118 орта мектеп ғимаратының қасбетіне ағымдағы жөндеу және мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. 

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Ақсу ауылының халқана көгілдір отын мәселесі толық шешілетінін сүйіншілеп жеткізді. 2024 жылы Ақсу елді мекеніне газ тарату желілерінің және жеткізуші газ құбырының құрылысының жобасы Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен қолдау тапты.

Ауыл халқының әлеуетін арттыруда Жалағаш аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудан көлемінде серпін алған әр бір бастамаға ел президентінің қолдауы, үкімет басшысының және облыс әкімінің нақты тапсырмалары себепкер екенін айтты.

Тағы да оқыңыз: