Kyzylorda-news.kz.  Әлемдегі барлық елдер азаттыққа қол жеткізген тарихи күндерін ардақ тұтып, өзге мерекелерден ерекше қастерлейтіні баршамызға аян. Себебі, әрбір адамзат баласы бостандықта, емін-еркін өмір сүруге құқылы.

Біздің еліміздің тарихында Мемлекеттік егемендік туралы Декларация Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңестің қаулысымен 1990 жылғы 25 қазанда қабылданғаны белгілі. Бұл маңызды шешім Қазақстанның КСРО құрамында болса да, дербес, тәуелсіз мемлекет ретінде саяси-құқықтық базасын қалауға дәнекер болды.

Дәл сол уақыттан бастап, алғаш рет ел аумағының тұтастығы, Қазақстан халықтарының бірлігін нығайту мен әлеуметтік-мәдени дамытудағы шараларды өз қолымызға ала бастадық.

Қаншама ғасырлар бойы азаттық жолында өмірлерін сарп еткен батыр бабаларымыздың арман-тілектерін қабыл еткен егемен шақты, өз халқымызмен қатар шетелдердегі қандастарымыздың да қуана қарсы алды.

Бұл тарихи құжат ұлтымыздың шынайы тәуелсіздікті сезініп, намыс пен өрлікке бағытталған рухымызды көтеруге себеп болды.

Аталмыш кезеңде Қазақ КСР жеке ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер ұйымдарын дербес құру құқығына ие болдық. Осы декларацияның нәтижесінде ел аумағындағы қолданылатын КСРО заңдарын тоқтатып, жеке өзщіміздің заңдарымыщзды қабылдай бастадық. Осы шаралардың ықпалымен 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң қабылдай алдық. Егемендік декларациясының қабылдануы, қазақ хандығының жариялануы іспеттес  еліміздің жаңа замандағы жеке, дербес мемлекет құру символы деп санауға болады.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 25 қазанды Республика күні ретінде жариялап, ұлттық мереке қатарына қосуы, барша қазақстандықтардың мұң-тілектерін ескеріп, мәртебесін көтерумен қатар, олардың жаңа қоғам құру жолындағы саяси реформаларды қолдауына сенімділік туғызары айдан анық. 

b62d26ac-d4f7-4f1c-9d4c-677a2eec11d4.jpg

Ербол АБЕНОВ,

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті,

 «Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер»

кафедрасының доценті, саясаттану ғылымдарының кандидаты.

 

Тағы да оқыңыз: