Kyzylorda-news.kz Өткенімізге ой жүгіртіп, бола­ша­ғымызға бағдар көрсету, асыл қа­зы­намызды жас ұрпаққа насихат­тау–әрбір адамзаттың парызы. Осыған байланысты Арал ауданында жергілікті ақын жазушы Мешітбай Құттықовтың шығармашылығына арналған «Теңіздей толқыған қаламгер»  атты жыр  кеші өткізілді.

Кештің мақсаты – өткенімізге ой жүгіртіп, болашағымызға бағдар көрсету, өзіміздің асыл қазыналарымызды жас ұрпаққа насихаттап, жеткізу. 

Шара алдымен әдебиет жанрының барлық түріне қалам тербеген ақынның шы­ғар­ма­шылығына арналған шараның шы­мыл­дығы ақынның өмір есте­лік­терімен түрілді. Шарада сөз кезегі ақынның қызы  Мирамкүл  апай әкесінің өнегелі өмір жолына тоқталып, артында өнегелі өмірі, өлмес өлеңі, үзілген үмітін жағып, жолын жалғастырар ұрпағы қалған ақын ел есінде мәңгі сақталатынын жеткізді

Айтар болсақ, тұңғыш өлеңдері 1948 жылы баспасөз бетінде жарияланып, артынша 1978 жылы Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған. «Құс жолы», «Ар-намыс», Мазасыз түндер», «Сонар» жыр кітаптары мен «Аяқталмаған ән» атты повестер, әңгімелер жинағы шыққан. Ол бірнеше үкі­меттік медальдардың, облыстық, республикалық грамоталардың ие­ге­рі. Арал ауданының құрметті аза­ма­ты, қазақ тілінің жанашыры М.Құт­ты­қов өмірінің ақырына дейін ау­дан­дық «Қазақ тілі» қоғамы­ның төра­ға­лығымен бірге, «Асыл мұра» газетін шығарып, оның редак­торы қызметін қоса атқарды.

Иә, Мешітбай ақынның шығармашылығы, өмірі тү­гел­дей дерлік Арал өңірін жыр­лауға арналды. Бұл салада көп­те­ген өлеңдері, «Дерт-дастан» ат­ты көлемді публицистикалық поэ­ма­сы жарық көрді. Арал теңізіне бай­ла­нысты тарихи оқиғаларды халық­қа, болашақ ұрпаққа жеткізуде ақын­ның еңбегі зор. М.Құттықов – ақын, жа­зушы, жалынды публицист, әде­биет зерттеушісі және қоғам қай­рат­кері ретінде республикада және одан тысқары аймақта да елге танымал  қаламгер. Сол ару да шалқар теңіздің ұлтанының құрғап қалғанын көрген ақын: 

Жете алмай келем жағаға,

Жол салып теңіз түбімен.

Жалғыздан жалғыз шағала,

Төбемнен төмен үңілген» – деп жырлап, туған жерге  деген ыс­тық сезімін осылай жеткізіп еді.

Шарада «Аралды  сүю керек  қайтқанда да» атты  ақын өмір жолынан сыр шертетін бейнебаян  көрсетілді. Сонымен бірге кеш  қонағы  Р. Сатаева,  Б.Әлімбетова, Ж.Дәрімбетов ағамыз ақын  туралы  естеліктерге тоқталды. 

Жыршы  термеші С.Жұбаниязов  жырдан шашу  шашып, №260 мектеп  оқушылары А.Аралбайұлы, Д.Нұрболатұлы, Б.Қалыбек өрелі жас жеткіншектеріміз Мешітбай ақынның  өлеңін жатқа оқыды Кітапханашы  Б.Әбілдаева «Өлеңнің жүйрік дүлділі» атты кітап  көрмесімен таныстырды.

Тағы да оқыңыз: