Kyzylorda-news.kz. 18 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келеді.
Осы орйда Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесі, №21 үйде орналасқан А.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде қызылордалық тұрғындармен кездесу ұйымдастырылмақ. Қабылдау уақыты сағат 09:00.
Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөмірі: 8(701)100-44-66 және электрондық мекен-жайға: s.koblashov@ecogeo.gov.kz.
Жеке қабылдауға жазылу 2023 жылдың 14 қарашасына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.
Кездесуге жазылу үшін ұялы тел. 8(701)100-44-66.