Kyzylorda-news.kz. Қытайда Covid-19 дертінен құлан таза айыққан екі адамнан коронавирус қайта анықталды.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Хубэй провинциясының тұрғыны 68 жастағы әйелден қауіпті індет екінші рет расталды.

Ол бұл вируспен осыдан алты ай бұрын ауырып шыққан екен. Ковид-19-ды сәуір айында жеңіп шыққан екінші науқасқа аталған диагноз жуырда тағы қойылды. Мамандар ондағы ауру белгілері симптомсыз өтіп жатқанын хабарлайды.

Қазір кей мамандар коронавируспен ауырып шыққандардың ағзасында дертке қарсы иммунитет тек бірнеше айға ғана пайда болуы мүмкін деген болжам жасап отыр. Яғни науқас вируске екінші рет шалдығуы ықтимал дейді. Ал, кей Оңтүстік Корея ғалымдары болса науқастарда екінші рет анықталған індет ағзадағы коронавирустың өлі бөлшектері болуы мүмкін деп топшылайды. Айтуынша бұл вирус өзге адамдарға жұқпауы да мүмкін.

“Хабар 24”

Тағы да оқыңыз: