Kyzylorda-news.kz. «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы қоғамдық бірлестігі кезектен тыс Мәжіліс сайлауының алғашқы Еxit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл нәтиже Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда айтылды.

Осылайша, жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:

1. Amanat партиясы – 53,33%

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 11,26%

3. Respublica партиясы – 8,33%

4. Қазақстан халық партиясы – 6,93%

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,51%

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,87%

7.Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,12%.

Бірлестік мәліметінше, сайлаушылардың 54,83 пайызы дауыс беруге келген және оның 3,65 пайызы «Бәріне қарсымын» бағанасын таңдаған.

Айта кетейік, еліміздің барлық өңірінде Мәжіліс пен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлау өз мәресіне жетті.

Ел бойынша нақтыланған деректерге сәйкес, сайлаушылар тізіміне 12 млн 35 004 сайлаушы енгізілді. Жалпы, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 509 695 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 54,09 пайызын құрайды.

Тағы да оқыңыз: