Бүгін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ел спортына серпін беріп, жас буынды жігерлендіретін маңызды дода – Сүлейменов Әсет Жәнібекұлын еске алуға арналған дзюдодан 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсімінде аудан әкімі Жандос Еркінбек: «Осындай тағылымды шаралар арқылы жастарымыздың бойында өткенге құрмет секілді тәрбиелік мәні зор ұғымдар қалыптасатыны сөзсіз. Биылғы додаға республикамыздың әр өңірінен 300-ге жуық жас спортшы қатысуда. Осы ретте жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысып жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін»,- деп шараның маңыздылығын атап өтті.

FB_IMG_1777637204736.jpg

Сондай-ақ облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры, облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті Бағдат Каленов және Әсет Сүлейменовтің інісі Бауыржан Сүлейменов қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

Әсет Сүлейменов – дзюдо күресінен жоғары жетістіктерге жетіп, Қазақстан Республикасының «Спорт шебері» атағына ие болған, қайсар мінезді, өз ісіне адал азамат. Ол спортта талай жастардың үлкен өмірге нық қадам басуына жол көрсетті. Оның есімі елге қызмет етудің, еңбексүйгіштіктің жарқын үлгісін көрсете білген тұлға ретінде халық жадында мәңгі сақталады.

Айта кетсек, биыл дәстүрлі түрде бесінші рет ұйымдастырылып отырған бұл турнир 30 сәуір мен 2 мамыр аралығында жалғасатын болады.

FB_IMG_1777637217853.jpg

Тағы да оқыңыз: