Kyzylorda-news.kz Шиелі аудандық аурухананың «Хирургия» бөліміндегі ота мейіргерлерімен танысып қайтуды жөні бір басқа. Осы тұста қолы жеңіл, қандауыры алтын дәрігерлер мен  мейіргерлердің ісіне куә болдық. Әсіресе, операциялық мейіргердің қызметі  қиындықтар мен сынақтардан тұрады. Сол себептен болар, мейіргердің барлығы ота мейіргері бола алмайды. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз Думан Қайратұлы табандылық пен қажырлықты талап  ететін бөлімде қызмет атқарады.

Думан Мырзалиев – Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының білікті маманы. Дәрігердің айтқандарын бұлжытпай орындап, ісін тиянақты істейді. Операциялық бокта мейіргер дәрігерлердің таптырмас көмекшісі. Олар түрлі жол-көлік оқиғалары, өндірістік жарақаттар, спорттық, тұрмыстық және үлкен сүйектердегі ашық сынықтарға және кесір тілігі мен соқырішекпен келген науқастарға ота жасайды. Сондай-ақ емделушілерді отаға дайындайды және сол сәтте дәрігермен бірдей иін тіресе еңбек етеді. Думанның бұл саладағы тәжірибесі – 4 жыл.

– Операциялық мейіргер – бұл хирургиялық топтың барлық мүшелерін байланыстыратын буын. Ол бүкіл операцияның барысын біліп қана қоймай, хирургке қай уақытта қандай құрал беру керектігін түсінуі қажет. Күрделі операциялар көбінесе толық тыныштықта өтеді. Хирург оған құралдардың ішінен не қажет екенін әлі айтпаса да, мейіргердің біліп берген кездері де болады. Оның кәсібилігі шұғыл жағдайларда өте маңызды, ол кезде барлық жағдайды бағалау және операцияға дайындау үшін бірнеше секундтар жеткілікті болуы мүмкін. Оперблоктың маманы болу әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл қиын жұмыс, әйтсе де ол жүректің қалауымен таңдалатын мамандық. Біздің жұмысымыз тепе-теңдікті, эмоцияларды ұстай білуді және  жоспарлы операциялардан шұғыл операцияларға ауысу қабілетін талап етеді, – дейді ота мейіргері.

Тағы да оқыңыз: