Kyzylorda-news.kz. 15 ақпанда сағат 08.06-да Теміртау қаласында 2 қабатты дүкен ғимаратында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.
Дүкеннің 2 қабатты ғимаратта қирау болғаны, жанғаны анықталды. Зерттеу және барлау барысында зардап шеккендердің орналасқан жері алдын-ала анықталды. Үйінділерді бөлшектеуге кірісті.
Сағат 08.44 үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның сөздерінен үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасуда, - делінген ақпаратта.
Жұмыстарға ТЖД жеке құрамынан 17 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды. 23 адам, оның ішінде 5 бірлік техника оқиға орнына бара жатыр.