Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет 11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Оңтүстік циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронталды бөліктер ҚР территориясының басым бөлігіне ықпалын сақтайды – жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Тек
ҚР батысы мен оңтүстік-батысында антициклонның әсерінен жауын – шашынсыз ауа райы күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.