Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 3 шілде, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста қатты жаңбыр болады.

Елдің батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, күндіз солтүстік-батыста бұршақ, дауыл, түнде және таңертең солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болады.

Қызылорда облысының батысында, шығысында, Атырау облысының батысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде және Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады.

Тағы да оқыңыз: