Kyzylorda-news.kz. Дүйсенбіде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын жауады.

Шығыста жел күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады. Тек республиканың оңтүстік-батысы мен батысында күн ашық болады. Кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

 Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел жылдамдығы секундына 15-20 метр шамасында болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні – 15-20 м/с.

 Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының кей жерлеріне түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Маңғыстау облысында күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, таңертең және күндіз Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлеріне тұман түседі.

Тағы да оқыңыз: