Kyzylorda-news.kz. 12 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашын жаумайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің айтуынша, бүгін еліміздің тек солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысына циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді.

Осыған байланысты аталған өңірлерде жаңбыр жауады, шығыста, оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазақстан бойынша желдің күші – 15-23 м/с, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жауады.

Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қаупі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қаупі сақталады.

Тағы да оқыңыз: