Фото: oclo.ru
Kyzylorda-news.kz Қазгидромет синоптиктері 22-24 маусым аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы тәуліктерде Қазақстан Республикасының басым бөлігі циклонның ықпалында болады.
Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, дауылды жел соғады.
Еліміздің батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін.
22-23 маусымда — еліміздің батысында, 22-24 маусымда — солтүстік-батысында, 22 маусымда — еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+35°C дейін, шығысында +31+39°C дейін жоғарылайды, еліміздің солтүстік-батысында +22+30°C дейін, оңтүстігінде +30+38°С дейін, оңтүстік-шығысында +25+38°С дейін төмендейді, солтүстігі мен орталығында +23+36°С мен +28+38°С аралығында өзгереді.