Kyzylorda-news.kz. Португалия астанасы Лиссабонда індеттің қайта күшеюінен демалыс күндерінде шектеулер қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа тәртіпке сай дүйсенбіге дейін шаһарға кіріп-шығу шектеледі. Өзге аймақтардан келгендер вакцина салдырғанын дәлелдейтін немесе ПТР-тест тапсырғаны жайлы қағаз көрсетуі қажет. Мейрамхана мен дәмханалар күндізгі сағат үш жарымға дейін жұмыс істесе, азық-түлік дүкендері кешкі 7-ге дейін ашық. Португалияда соңғы бір күнде вирусты 1500-ге жуық адам жұқтырып алған.

“Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын. Шектеулер қалыпты өмірге тез оралуымызға көмектесе ме, оны уақыт көрсетеді. Қалай болғанда да, індеттің күшеюіне жол бермеу керек”,- дейді тұрғын Бенвинда Антунес.

Тағы да оқыңыз: