Kyzylorda-news.kz. Синоптиктері 18-20 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Батыс циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Қар жауады, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.

18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – жаяу бұрқасын соғады.

Тағы да оқыңыз: