Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дан орын алған өлім-жітім санының күрт өскенін хабарлады.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы хабарлайды.

«Өткен аптада әлемде COVID-19 жұқтыру фактілерінің жалпы саны 3,8 миллионнан асты, мұның салдарынан қаза тапқандар саны күрт өсті. 69 мыңнан астам адам қайтыс болды, бұл бір апта бұрынғыға қарағанда 21% – ға көп. Бұл туралы ДДҰ-ның апта сайынғы есебінде айтылған. Коронавирус инфекциясының жылдам таралуы Солтүстік және Оңтүстік Америкада және Батыс-Тынық мұхиты аймағында байқалады»,-делінген ақпаратта.

Тағы да оқыңыз: