Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген симптомды науқастар саны – 551, ал симптомсыз – 215 азамат.Ал індеттен айығып шыққандар саны 481-ге жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Симптомды жаңа жағдайдың 14-і де скринингтен болса, симптомсыз коронавирус инфекциясының 7 дерегі анықталды. Оның 6-ы скринингтен, , 1-і індет жұқтырған науқаспен байланыста болғаннан анықталды»,- деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Сондай-ақ, вирус жұқтырғандармен байланыста болған 6096 азамат анықталды. Оның ішінде, 3721-і тікелей қарым-қатынаста, 2375-і жанама байланыста болған.

Құрметті облыс тұрғындары, карантиндік шараларды қатаң сақтап және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.

Тағы да оқыңыз: