Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгін, яғни, 6 сәуіргі 23:20-да анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 5 науқастың барлығы – тағы да Шиелі ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мұның алдында 22:25-те анықталған 8 науқас та – осы Шиелі ауданынан екендігі айтылған еді.

“Бүгінгі күннің қорытындысымен жаңадан анықталған 13 жағдай да Шиелі ауданынан. Тіркелген науқастардың барлығы бұған дейін “Covid-19″ вирусын жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда науқастар аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ем алуға ауыстырылды. Жағдайлары тұрақты”, – делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 50 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 24 жағдай тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: