Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгін, яғни, 6 сәуір күні анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 8 науқастың барлығы – Шиелі ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Жаңадан анықталған 8 жағдай да Шиелі ауданында тіркеліп отыр. Науқастардың барлығы бұған дейін “Covid-19″ вирусын жұқтырған адамдармен тығыз қарым-қатынаста болған. Қазіргі таңда науқастар аурухананың карантин бөлімінен жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Жағдайлары қанағаттанарлық”, – делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 45 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 6, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 19 жағдай тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: