Kyzylorda-news.kz. Coface халықаралық сақтандыру компаниясының сарапшылары әлемдегі 162 ел экономикаларының тәуекелдерін бағалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық инвесторлар бұл баяндаманы мемлекеттердің тұрақтылығын анықтайтын бағдар ретінде қолданады. Coface мәліметінше, Қазақстан мен Өзбекстан Орталық Азия аймағындағы ең ауқатты елдер. Оларға Б рейтингі берілді. Бұл шетел серіктестері үшін тәуекелдің орта деңгейін білдіреді. Қазақстанның артықшылықтары ретінде сарапшылар халықаралық инвесторлардың қолдауы, несиелерді өтеу қабілеттілігі және Еуропа мен Қытай ортасындағы стратегиялық орналасуын атады. Ал, осал тұстарының бірі – табиғи байлықтарға тәуелділігі аталып отыр.

«Қазақстан – аймақтағы ең маңызды экономика. Өйткені пайдалы қазбалары мол, беделді шетел инвесторлары бар және Қазақстан арқылы Қытайды Ресеймен және Еуропамен жалғайтын Орталық Азиядағы жалғыз теміржол өтеді. Алайда аймақта мемлекеттік басқару мен кәсіпорындар арасындағы қатынастарға қатысты іскер ортаны жақсартып, сыбайлас жемқорлықпен күресу қажет», – экономист Доминик Фруштер.

Тағы да оқыңыз: