Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Солтүстік антициклон ықпал етеді, сондықтан жауын-шашынсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Елдің батыс, шығыс аймақтарында, оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады.

Тағы да оқыңыз: