Kyzylorda-news.kz Қазгидромет ел аумағында 2 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктер мәлімдегендей, Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін болады.
«Тек солтүстік, солтүстік-шығыс аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
ҚР бойынша тұман, солтүстікте, солтүстік-шығыста — көктайғақ, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста — жел күшейюі мүмкін», — делінген ақпаратта.