Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.
Президенттің Жолдауы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылады.