Kyzylorda-news.kz. 5 желтоқсан – Дүниежүзілік волонтерлер күні.

БҰҰ Бас ассамблеясының бастамасымен 1985 жылдан бастап 5 желтоқсанда волонтерлердің халықаралық күні атап өтіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде елімізде волонтерлік қызметі жыл санап дамып келеді. Қоғамда белсенді азаматтар бастамашыл топтарға жиналып немесе үкіметтік емес ұйымдарға қосыла отырып балалар үйлеріне, арнайы медициналық мекемелер мен балаларға немесе мұқтаж жандарға ерікті түрде көмектеседі. Бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйым бар. Қазақстандағы волонтерлік бойынша ең белсенді бағыттар: әлеуметтік, іс-шаралық, жануарлармен жұмыс, этноволонтерлік, медицина, мәдениет, медиа, төтенше жағдай кезіндегі волонтерлік пен онлайн волонтерлік.

Айта кетейік, 2020 жыл елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Волонтер жылы» болып бекітілді.

Тағы да оқыңыз: