Kyzylorda-news.kz. Ақтөбе облысында боран салдарынан жолда қалғандарға нан қымбат сатылған деп хабарлайды Kyzylorda news ақпарат агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.

Самара - Шымкент тас жолының Хромтау қаласы мен Қобда ауылына дейінгі аумағында жүзге жуық көлік кептелісте қалды. Олар жолдың жабылуына байланысты бір жерде тұр. Осы кезді пайдаланған алыпсатарлар бір бөлке нанды 1300 теңгеден саудалаған. Бірақ аудан басшылары жолда қалғандарға қымбат баға ұсынған кімдер екенін сол күйі анықтай алмады.

Жол бойындағы дәмханалар мен демалыс орындары нан бағасын себепсіз көтермеген.

Ал Ақтөбеден шығар тұста Өзбекстан азаматтары мінген алты автобус боранда қарға батып қалған. Жолаушылар арасында он бала бар. Оларға қажетті ас-су мен дәрі дәрмек жеткізіліп, шетелдіктер сапарын жалғастырыпты.

Фото: pixabay.com

Тағы да оқыңыз: