Kyzylorda-news.kz. 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларында елдегі байланыс қызметтерінің көлемі 281,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6% көп, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өсім инфляцияны қоса алғанда 9,6% құрады. Қызметтердің жалпы көлемінің 55,4%-ы халыққа көрсетілген. Байланыс саласында көрсетілген қызметтен түскен кірістің максималды сомасы интернет желісі қызметтерінен түскен – 102,74 млрд теңге.
Бір жыл бұрын бұл кірістің көлемі 90,6 млрд теңге болған (үлесі 36,5%). Екінші орында ұялы байланыс тұр: 74,6 млрд теңге, олардың үлесі қызметтердің жалпы көлемінің 26,5%-ын құрайды. ТОП-3 тізімін 6,1% үлесімен сымды және сымсыз телекоммуникация желілері бойынша деректерді беру қызметтері қорытындылап тұр (17,2 млрд).
2020 жылдың мамырында интернетке тіркелген абоненттерінің саны 2,6 млн-ға жетті (бір жылда 3,7% артты). Ал ұялы байланыс абоненттерінің саны 24,5 млн-ға дейін қысқарды (өткен жылмен салыстырғанда 3,6% аз).