Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт намазына қатысты мәлімдеме жасады.

“Алла қаласа, биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуімен 31 шілде, 1-2 тамыз күндеріне сәйкес келіп тұр. Алайда елімізде карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, республика бойынша мешіттер жабық болады. Осыған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды”, – деді Тағанұлы.

Осы орайда бас мүфти сындарлы сәтте сағымызды сындырып алмай, айналадағы адамдарды үрейге емес, үмітке шақыруға үндеді.  

“Біз – өткенге салауат айтып, Алланың арайлап атқан әрбір таңынан жақсылық күткен халықпыз. Рухымызды түсірмей, сын сағатта сағымызды сындырып алмайық. Қадірлі жамағат, біз қазір сындарлы сәтте отырмыз. Қадірлі жамағат, біз қазір сындарлы сәтте отырмыз. Мұндайда халық даналығы “Бетеге кетсе, бел қалар. Бектер кетсе, ел қалар. Берекең кетсе, не қалар?” демей ме?”, – деп атап көрсетті Тағанұлы.

Тағы да оқыңыз: